Қарағайлы (2004 жылға дейін - Октябрьское)Осакаров ауданының тарихы — Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы ауыл, Қарағайлы ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Осакаровка кентінен солтүстік-шығысқа қарай 34 км-дей жерде, Қарғалы өзенінің алқабында орналасқан.

Тарихы Іргесі 1931 жылы қоныс аударғандардың 6-поселкесі болып құралған. «Путь ккоммунизму», «8 марта», «1-го августа», «Коллективное», «Новый путь» ұжымшарлары құрылған, ал 1961 жылдың наурызыңда олар «Новый путь» кеңшарына біріккен. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыты астық және сүт, мал шаруашылығы болды. Жерінің жалпы ауданы 71,7 мың га. 20 шаруашылық қожалығы бар (2006).

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен615562 556 98,9 286 286 100 276 270 97,8

Инфрақұрылымы Мәдениет үйі, орта мектеп, ОДА жұмыс істейді. Святоровка, Коллективное, Крещеновка ауылдарында клуб, мектеп, фельдшерлік пункт бар. Округ басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын темір жол стансасы — Осакаровка, 40 км жерде орналасқан.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Осакаров ауданы елді мекендері