Есімқан Қалмағамбетұлы Есенбаев (27.12.1947, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы) - Әйтеке би ауданының әкімі. Қазақ.

Өмірбаяны Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының ауыл шаруашылығын механикаландыру факультетін бітірген(1974), ауыл шаруашылығы инженер-механигі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2007 жылдан). 1967 жылдың сәуірінен - Ақтөбе облысы Қобда ауданы «Жарық» кеңшарының жөндеу шебері. 1967 жылдың қазанынан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1968 жылдың шілдесінен - Ақтөбе облысы Қобда ауданы «Жарық» кеңшары шеберханасының бақылаушы механигі. 1969 жылдың қыркүйегінен - Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының студенті (Орал қ.). 1974 жылдың шілдесінен - Ақтөбе облысы Қобда ауданы «Жарық» кеңшарының бас инженері, директоры. 1985 жылдың қыркүйегінен - Ақтөбе облысы Комсомол ауылының төрағасы; 1991 жылдың қаңтарынан - Қазақстан Компартиясы Комсомол аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1992 жылдың ақпанынан - Ақтөбе облысы Бөгеткөл ауданы Бөгеткөл ауданының әкімі. 1994 жылдың мамырынан - Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары. 1995 жылдың қазанынан - Ақтөбе облысы Ақтөбе ауданының әкімі. 1997 жылдың шілдесінен - Ақтөбе қаласы әкімінің бірінші орынбасары. 1999 жылдың ақпанынан - Ақтөбе облыстық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы. 2002 жылдың желтоқсанынан бері - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының әкімі.

Марапаттары «Құрмет» орденімен (2005) «Ерен еңбегі үшін» «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) «Астанаға 10 жыл» (2008) медальдарымен марапатталған.

Отбасы Үйленген. Жұбайы - Есенбаев Дәметкен Зайноллақызы, дәрігер. Қызы - Есенбаева Гүлнара; Ұлдары - Есенбаев Асылбек, Есенбаев Ақылбек.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:27 желтоқсанда туғандар Санат:1947 жылы туғандар Санат:Қобда ауданында туғандар Санат:Батыс Қазақстан агротехникалық академиясы түлектері Санат:Аманат партиясының мүшелері Санат:Қазақстан КП Әйтеке би аудандық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Ақтөбе ауданының әкімдері Санат:Әйтеке би ауданының әкімдері Санат:Құрмет орденінің (Қазақстан) иегерлері Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің (Қазақстан) иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері