Сержан Дәмебайұлы Дүйсебаев - 1962 жылы 2 қазанда Алматы қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Дүйсебаев Дәмөбай Рысмағанбетұлы, зейнеткөр. Анасы - Дүйсебаева (Шалабаева) Аманкүл Ғалиқызы, зейнеткер. Хронологиясы КСРО ІІМ қарағанды жоғары мектебінің «құқықтану» факультетін (1984) құқықтанушы-заңгер мамандығы бойынша; Алматы халық шаруашылығы институтының «Саудадағы бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау» факультетін (1991) экономист мамандығы бойынша бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты (2005). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «ҚР және РФ жауап алу органдарының кедендік қылмыстарды ашу, тергеу және олардың алдын алудағы өзара әрекеттестігі». Орыс, қазақ (әңгімелесу деңгейінде) және ағылшын (әңгімелесу деңгейінде) тілдерін біледі. 1980 жылдан - КСРО ІІМ қарағанды жоғары мектебінің тыңдаушысы. 1984 жылдан - ҚР ішкі істер органдарында қызметте (Алматы қаласы). 1995 жылдан - ҚР Мемлекеттік тергеу комитеті органдарында қызметте (Алматы қаласы). 1997 жылдан - ҚР улттық қауіпсіздік органдарында қызметте (Алматы, Астана қаласы). 2000 жылдан - ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігі Кеден комитетінің Контрабандамен және кедендік ережелерді бұзумен курес жөніндегі бас басқармасы бастығының орынбасары, бастығы. 2001 жылдан - Атырау облысы бойынша Кеден басқармасының бастығы (Атырау қаласы). 2002 жылдан - Ақмола облысы бойынша Кеден басқармасының бастығы (Көкшетау қаласы). 2004 жылдан - БҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы (Орал қаласы). 2006 жылдан бері - ҚР қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары. Жетістіктері «Қазақстан Республикасының тәуөлсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Кеден қызметінің еңбек сіңірген қызметкері» медальдарымен марапатталған.

Әскери атағы - подполковник. Кеден қызметінің полковнигі. Діни көзқарасы - мұсылман. Сасяи қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар