нобай|оңға|Бақауов, 2019 жыл Болат Жұмабекұлы Бақауов (27 маусым 1971, Новокузьминка ауылы, Железин ауданы, Павлодар облысы) — қазақстандық саяси қайраткер және Павлодар облысының бұрынғы әкімі (2016–2020).
Уақ тайпасынан шыққан. Павлодар облысының әкімі болуынан бұрын ол Қашыр ауданы (2008–2011) және Ақсу (2011–2024) мен Павлодар (2014–2016) қалаларының әкімі болған.
2020 жылы Бақауов «билігін асыра пайдаланды» айыпымен қамауға алынып, сотталды. 2020 жылдың 27 мамырында сот нәтижесінде Болат Бақауов үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды және мемлекеттік қызметте және өзге де мемлекеттік органдарда жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Білімі Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (2003) «Заң ғылымдары» мамандығы бойынша; Халықаралық бизнес, экономика және кәсіпорындарды басқару академиясын (2005) бітірген. Өмірбаяны
1988 жылдан - Павлодар облысы Железин ауданының «Кеңестік Қазақстан» кеңшары автогаражының жұмысшысы. 1989 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1991 жылдан - Павлодар облысы Железин ауданының «Кеңестік Қазақстан» кеңшары автогаражының жүргізушісі. 1993 жылдан - Павлодар облысы Железин ауданы «Әділет» шағын кәсіпорынының директоры. 1996 жылдан - Павлодар облысы Железин ауданы «Бақауов» КШ жетекшісі. 1998 жылдан - жеке кәсіпкер. 2007 жылдан - «Толымбек» КШ ЖШС директоры. 2008 жылдың 19 желтоқсанынан - Павлодар облысы Тереңкөл ауданының әкімі.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2 2011 жылдың қазаны - 2014 жылдың сәуірі аралығында - ақсу қаласының әкімі. 2016 жылғы 25 наурыздан - Павлодар облысының әкімі. Бас бостандығынан айырылуы Тексеріс барысында 200 миллион теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтару анықталды, Бақауовқа қарсы шыққан Рүстем Садуақасовтың айтуы бойынша Бақауов мемлекеттік қызметін пайдаланып, Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығынан тексерудің шынайы нәтижелерін жасыруды және анықталған салық төлеуден жалтару сомасын 5 миллион теңгеге дейін азайтуды талап ете бастады.
2020 жылдың 27 мамырында сот нәтижесінде Болат Бақауов үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды және мемлекеттік қызметте және өзге де мемлекеттік органдарда жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Марапаттары
Ерен еңбегі үшін медалі (2002). «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» төс белгісі Құрмет ордені (2015).Болат Бақауов Павлодар облысының әкімі болды
Дереккөздер
Санат:27 маусымда туғандар Санат:1971 жылы туғандар Санат:Железин ауданында туғандар Санат:Тереңкөл ауданының әкімдері Санат:Ақсу әкімдері Санат:Павлодар облысының әкімдері Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің (Қазақстан) иегерлері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Павлодар әкімдері