Асқар Сағызбайұлы Досбаев 1969 жылы 27 наурызда Гурьев қаласында туған. Қазақаласы Қазақ және орыс тілдерін біледі. Хронологиясы Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университетін бітірген (2002), заңгер; Қазіргі уақытта Атырау мұнай және газ институтында оқуда. 1986 жылдың қыркүйегінен - Гурьев қаласындағы №4 шаруашылық есептегі асхананың жүк тасушысы. 1986 жылдың қарашасынан 1987 жылдың мамырына дейін - Гурьев химия зауытының слесарь-жөндеушісі. 1989 жылдан - «Халыққа тұрмыстық қызмет көрсету» облыстық өндірістік бірлестігі автобазасының жүргізушісі (Гурьев қаласы). 1990 жылдан - «Облжөндеутұрмыстехника» зауытының жүргізушісі (Гурьев қаласы). 1991 жылдан - Атырау облыстық ІІБ тергеушісі. 1998 жылдан - «Шарапат» сақтандыру компаниясының брокері (Атырау қаласы). 2001 жылдан - Атырау облыстық Кәсіпкерлер қауымдастығының кеңесші-заңгері. 2002 жылдан 2003 жылдың ақпанына дейін - Атырау облыстық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы. 2003 жылдың мамырынан - Атырау облыстық Коммуналдық меншік басқармасы есеп жүргізу және талдау бөлімінің бастығы - бас бухгалтері. 2003 жылдың маусымынан - Атырау облыстық Тұрғын-коммуналдық шаруашылық басқармасы заң бөлімінің бастығы. 2005 жылдың қаңтарынан - Атырау облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау басқармасының бөлім бастығы. 2005 жылдың қыркүйегінен - Атырау облыстық жер қатынастары бөлімі бастығының орынбасары. 2007 жылдың қаңтарынан - «Еңбек-Атырау» ЖШС директоры. 2008 жылдан - Атырау облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы бастығының орынбасары. 2009 жылдың қазанынан бері - Атырау облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бастығы.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер