Камера- арнайы мақсаттағы жабық көлем.
Акустикалық камера
Өніммен, мысалы, автомобильмен шығарылатын ішкі және сыртқы шуды өлшеуге арналған камера.
Дымқылдық камерасы
Жабылғылар мен материалдардың дымқылдықта шыдамдылығын сынауға арналған камера.
Шуы басылған камера
Еркін ашық кеңістік жағдайларына жақын жағдайларда акустикалық өлшемдерге арналған камера.
Климаттық камера
Әртүрлі табиғи-климатты аймақтарға сәйкес жағдайларда өнімдерді сынауға арналған камера.
Бояу камерасы
Гидрофильтрмен және сорғыш ауа тазартқыш жүйемен, бояу құрылғылармен жабдықталған, өнімдерді бояуға арналған камера.
Қалтқылы камерасы
Жанармайдың деңгейін қалтқымен реттелуі бар шашыратушыларға келетін жанармайды сақтауға арналған карбюратордағы камера.
Серіппе-пневматикалық
Камера - тежегіш камера, оның пневматикалық бөлшегі доңғалақтың тежегіш механизмдерін іске қосу үшін жұмыс тежегіш жүйесінің құрамында пайдаланылады, ал серіппе аккумулятор - сол тежегіш механизмдерді қысылған ауаның жол болу кезінде, қорлық тежегіш жүйелердің немесе тұратын жүйелер кұрамында іске қосу үшін пайдаланылады.
Реверберациялық камерасы
Акустикалық камера.Оның барлық нүктелерінде дыбыстық қысым бірдей, бұл қоршайтын беттерден дыбыстың толықтау шағылысуымен жетіледі.
Жану камерасы
Газ түріндегі, сұйық немесе қатты отынды жандыруға арналған, жылу қозғауышындағы кеңістік.
Араластыру камерасы
Диффузор мен дроссель жапқыш арасында ауалы келте құбырдың бөлігі, мұнда жанатын қоспа жасалынады.
Тежегіш камерасы
Диафрагма арқылы қысылған ауадан көлік кұралының тежеу механизмнің жазылатын жұдырық иіне күшті беретін камера.
Шинаның камерасы
Шинаға қойылатын және ауамен толтырылатын, су өткізбейтін резеңке қабық.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
Дереккөздер
Санат:Транспорт