Араб тілінде «ширк» () сөзі «екі затты тең қылу» деген мағына береді. Ал шариғатта бұл терминнің жалпы және жалқы мағынасы бар: Ширктің жалпы мағынасы: Аллаһтың жеке өзіне тән болған сипатын немесе айырмашылығын басқаға телу. Бұндай ширктің үш түрі болады: Біреуді Аллаһтың жаратушылық-раббылық сипатына теңеу, немесе осы сипаттармен Аллаһтан басқаны сипаттау; Тек Аллаһқа ғана тиесілі болған есім-сипаттарды басқа біреу де иеленеді деп есептеу; Аллаһ Тағалаға құлшылықта серік қосу, яғни құлшылықтың кез келген түрін Аллаһтан басқаға арнау«Основы веры в свете Корана и Сунны»; Кулиев Эльмир, 20-шы бет. ISBN 5-94824-071-1; Ширктің жалқы мағынасы деп Аллаһтан басқадан Оған дұға еткендей дұға қылу, Одан қалай шапағат тілесең солай шапағат тілеу, Оған қалай үміт етсең солай үміт ету, Оны қалай жақсы көрсең басқаны солай жақсы көру. Құран мен Сүннетте ширк туралы айтылса негізінен осы түсініледі.

Басқа жағынан алсақ ширк екі түрге бөлінеді: үлкен және кіші ширк. Үлкен ширк () деп Аллаһтан басқаға құлшылық ету, басқаны Аллаһқа теңеуді атайды. Үлкен ширк адамды Исламнан шығарып, оның тозақта запталуына себеп болады; Кіші ширк () деп үлкен ширкке апаратын істерді немесе Құран мен Сүннетте «ширк» деп аталған, бірақ дәрежесі үлкен ширкке жетпейтін нәрселерді атайды«Основы веры в свете Корана и Сунны»; Кулиев Эльмир, 21-ші бет. ISBN 5-94824-071-1.

Исламда Аллаһқа серік қосудың зардабы өте ауыр саналады, тіпті сол ширкте қайтыс болған адам мәігі-бақи тозақта қалады делінеді. Ниса сүресінде былай жазылған:

Тағы қараңыз Ислам Таухид Ақида

Санат:Ислам