Итжон – Іле өзені аңғарындағы үстірт.
Географиялық орны Алматы облысы Талғар ауданы жерінде. Малайсары жотасы мен Шолақ тауларының аралығында орналасқан.
Жер бедері Теңіз деңгейінен орташа биіктігі 600 – 700 м. Үстірттің аласа жондары құрғақ өзен арналарымен тілімденген. Батысында Белқайқаң қонысымен, шығысында Арқарлы тауларымен түйіседі. Жазық бойында бірнеше қыстаулар бар. Орта бөлігінен Түрксіб темір жолы өтеді.
Өсімдігі Сұр, қоңыр топырақ жамылғысында эфемерлі сұр жусан, күйреуік, баялыш, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Талғар ауданы таулары