Құлмырзаев Кенжеқожа (1898, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Алмакесек ауылы - 1945, Ташкент облысы Жаңқожа ауданы Шорабай ауылы) - ақын. Ақындық өнерімен өлең-жыр айтып, көп жерді аралаған. "Мың бір түн" ертегісінің 72 түнінің әңгімесін өлеңмен жырлаған. Бармақпен (1914-1915) және Кененмен айтысы (1936) сакталған. Бұлардан басқа "Қазақ пен қырғыздың айтысы", "Кенжеқожа мен Әбілдің айтысы" деп аталатын айтыстары кезінде хатка түспеген. "Ақындар", "Шын жүректің белгісі" деп аталатын термелері бар.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6 Дереккөздер

Санат:Тұлғалар