Сынау- әртүрлі әсер ету жағдайында жұмыс істейтін объектінің сандық немесе сапалық сипаттамаларын тәжірибе (эксперимент) жүзінде анықтау.
Жетілдіре сынау берілген деңгейге дейін сапалық көрсеткішті көтеру процесінде енгізілетін өзгерістердің әсер етуін тексеру үшін өткізілетін сынаулар.
Жолдық сынауы жолды жерде, кейде жолсыз жерде көлік құралының жүру кезінде өткізілетін сынау.
Иммитациялық, еліктете сынау көлік құралының кез келген бөлшегін немесе қандай да болмасын әсер етуді жасанды Құрастыру арқылы өткізілетін қондырғыда сынау.
Зерттей сынау құрастырылып жатқан өнімнің параметрлерін, сызбаларын, жинақталуын таңдап алу бойынша қабылданатын шешімді негіздеуге мәліметтерді жинау мақсатында өткізілетін сынаулар.
Біліктілікке сынау сериялық шығаруға өндірістің дайындығын анықтау мақсатында өнімнің бірінші өнеркәсіпті партиясын сынау.
Зертханалық сынау көлік құралын зертханалық жағдайда арнайы бағдарлама бойынша сынаудан өткізу.
Машина мен механизмдерді сынаудан өткізу техникалық талаптарға сәйкестікті орнату мақсатында машина мен механизмдердің құрылыстық параметрлерін, сенімділігін және қызметтік қасиеттерін тексеру.
Әдеттегі ресурстық сынау әдеттегі жағдайда өткізілетін ресурстық сынаулар.
Мерзімділік сынау белгілі мерзім аралығында сериялық өнімнің сапасын бақылау үшін өткізілетін сынаулар.
Қыр далада сынау ауыл-шаруашылық жұмыстарын орындау кезінде өткізілетін тракторлардың сынауы.
Полигонда сынау полигонда өткізілетін сынаулар.
Алдын ала өткізілетін сынау тәжірибелік үлгілерде жетілген нәтижені бақылау мақсатында өткізілетін сынаулар.
Қабылдап-тапсырасынау сериялық немесе жөнделген үлгілерді өндіруге, жөндеуге немесе тұтынушыға жеткізуге техникалық талаптарға сәйкес келетініне сынау.
Мемлекеттік қабылдай сынау алдын ала сынаудан кейін жетілген тәжірибелік үлгілерді өндіріске қою туралы шешімді қабылдау үшін олардың техникалық талаптарға сәйкестігін сынаудан өткізу.
Ресурстік сынау пайдаланудан бастап, күйдің шегіне жеткенге дейін өнімнің жұмыс істеу шамасын сынаудан өткізу.
Сертификаттық сынау сертификатты жасау үшін сериялық үлгілерді сынаудан өткізу.
Қондырғыда сынау зертханалық жағдайда арнайы стендте келік құралының жүйелері мен жеке агрегаттарын сынаудан өткізу.
Жеделдетілген ресурстық сынау аз жүктемемен жұмыс режимін шығару нәтижесінде сынау мерзімін көп есе қысқартатын, арнайы бағдарлама бойынша өткізілетін ресурстік сынаулар.
Қызметтік сынау көлік құралының қызметтік қасиеттерін анықтау және олардың техникалық талаптарға сай келетінін орнату үшін өткізілетін сынаулар.
Эксплуатациялық сынау пайдалану-техникалық және сенімділік көрсеткіштер бойынша қосымша ақпаратты алу үшін нақты пайдалану жағдайында өткізілетін әдетте тәжірибелік үлгілер партиясы үшін сынаулар.
Сынауды өткізуші сынауға қатысатын адам.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
Дереккөздер
Санат:Транспорт