Сәулебек Бәйбекұлы Асылхан (6.2.1949 жылы туған, қазіргі Алматы облысы Ақсу ауданы Қарашілік ауылы) - актер, режиссер, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998). 1968 ж. Қазақ академиясы драма театры жанындағы студияны (В.И. Иванов, А. Өтегенов пен Қ. Қуандықов шеберханасы бойынша), 1975 ж. Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) режиссура бөлімін (Ә. Мәмбетов шеберханасы бойынша) бітірген. 1979 - 80 ж. Мәскеудегі жоғары режиссерлер курсында(режиссері М.А. Захаровтың жетекшілігімен) оқыды. 1968 - 71 ж. Қазақ академиясы драма театры құрамында актер болып, Жайнақ (Ш. Айтматовтың "Ана - Жер-анасында"), Өзбек (М. Әуезовтің "Айман - Шолпанында"), Олжабай (С. Жүнісовтің "Ажар мен ажалында"), Байбол (Қ. Мұхамеджановтың "Жат елдесінде"), т.б. рольдерді орындады. 1975 - 78 ж. Талдықорған облысы драма театрында режиссері, 1980 - 88 ж. Қазақ академиясы драма театрында режиссер, 1988 - 91 ж. Талдықорған облысы драма театрында бас режиссері, 1997 - 98 ж. "Қазақстан-1" телеарнасында режиссер, 1998 жылдан Алматы облысы филармониясының бас режиссері, 2002 жылдан Мәдениет министрлігінің театр бөлімін басқарады. Сахналаған спектакльдері Т.Қалилахановтың "Абылай аманаты", (1975), Т.Ахтановтың "Әке мен бала" және "Күшік күйеу" (1975,1978), Әуезовтің "Түнгі сарын" (1989), А.В.Вампиловтың "Тұңғыш ұл" ("Сүйінші, табылды, табылды" деген атпен,1978), Д.Исабековтің "Мұрагерлер" және "Кішкентай ауыл" (1983,1986).Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:Қазақстан режиссёрлері Санат:1949 жылы туғандар Санат:Қазақстан актерлері Санат:Қазақстан педагогтары