Қалмахан Сейтұлы Ержан (1974 жылы туған) - PhD докторы, қауымдастырылған профессор. Нұр-Мүбарак университетінің ғылыми кеңес, Ислам ілімдері факультетінің және Араб тілі және гуманитарлық пәндер факультетінің кеңесі мүшесі.
2021ж-2025ж. Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінде аға оқытушы әрі аталған университеттің Ислам ілімдері факультетінде декан орынбасары, 2025 жылдан бастап Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы болып қызмет атқарады..Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Білімі 1991-1995 жж. Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті /бакалавр/философ, дінтанушы және араб тілінің оқытушысы. 1995-1997 жж. Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті /магистратура/ дінтану. 1998-2003 жж. Түркия Республикасы, Анкара университеті, Әлеуметтік ғылымдар институты, Теология факультеті/докторантура/калам; 2002-2006 жж. Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Тарих-философия факультеті Дінтану кафедрасының доцент м.а. 2005-2008 жж. Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Тарих-философия факультеті Дінтану кафедрасының меңгерушісі. 2017ж 03 мамыр Философия мамандығы бойынша Қауымдастырылған профессор (доцент); 2008-2014жж. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Дінтану кафедрасының доценті. Қауымдастырылған профессор (доцент); 2014ж.-2020ж. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Дінтану кафедрасының меңгерушісі; 2021ж-2025ж. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Ислам ілімдері факультеті декан орынбасары 2025ж- Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлім басшысы.
Ғылыми еңбектері 1. Әбу Мансур Мұхаммед әл-Матуриди, Әлеуметтік-Гуманитарлық өлшемдегі Қазақстан және Еуразиялық кеңістік. Баяндама. 23-24 қараша. – Қарағанды, 2006. Б. 47-48
2. Пайғамбарлардың жіберілу мақсаты, Қарағанды университетінің Хабаршысы. Тарих, философия құқық сериясы. – Қарағанды, 2007 - №1 (45). Б. 146-148
3. Исламдағы пайғамбарларға қажеттілік, ҚазҰУ Хабаршысы, Философия сериясы. Мәдениеттану сериясы, саясаттану сериясы. – Алматы, 2008 - №1 (30). бб. 40-42
4. Матуриди мектебінің ірі өкілдері туралы, «Ислам өркениеті және Қазақстандағы діни мәселелер» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. ҚР Білім және ғылым министрлігі. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ. Кембридж университеті Орталық Азия Форумы. 3-5 қараша. – Түркістан, 2009. Тұран. Б. 27-30
5. Куфа қаласы – Әбу Ханифаның туып-өскен жері, Ханафи мәзһабының негізін салушы Хазірет Нұғман ибн Сәбит Әбу Ханифаның туғанына 1350 жыл. «Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабы және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материялдары, Атамұра, – Алматы, 2009. Б. 169-172
6. Періштелердің жаратылу мақсаты мен міндеттері, «Исламтану және араб филологиясы мәселелері» атты IV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция метриалдары. – Алматы, 2009. Б. 111-1114
7. Періштелерге иман, Алматы: 2010. – 89 бет
8. Пайғамбарларға иман, Алматы: 2010. – 120 бет.
9. Пайғамбарлар тарихы, Алматы: 2010. – 352 бет
10. Имам Матуриди ақидасы (пайғамбарларға иман), Алматы: 2011. – 176 бет.
11. Діни білім негізі медреседе, Қожа Ахмет Ясауи тағлымы және Қазақстандағы діни білім беру мәселелері, халықаралық симпозиум материалдары. – Түркістан, 2011. «Тұран» баспасы.
12. Әбу-л Муин ән-Нәсафи еңбектерінің ислам ғылымдарына қосқан үлесі, ҚР БжҒМ, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ «Түркі дүниесіндегі ислам ғылымдарының ролі» атты халықаралық ғылыми конференция материалдары, 26-27 сәуір. –Түркістан, 2012.
13. Абу Мансур Аль-Матуриди и его взгляды, IX Международная научно-практическая конференция. «Научный прогресс на рубеже тысячелетий–2013». Философия религии. – Чехия/Прага 27.05.2013 – 05.06.2013. С. 67-70
14. Әбу Мансур әл-Матуриди және оның өмір сүрген дәуірі, «Исламтану және араб филологиясы мәселелері» атты IX халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, – Алматы, 2013. Б. 87-96
15. Ислам ақидасы (оқу құралы), Алматы: «Нұр-Мүбарак» университеті, 2014. – 320 бет
16. Матуриди ақидасы – Әбу Ханифа ілімінің жалғасы, Алматы: Алматы қаласының әкімдігі. 2014. – 62 б.
17. Діни білім беру орталықтары: кеше және бүгін, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті «Исламтану және араб филологиясы мәселелері» атты XIII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, – Алматы, 2014. Б. 74-81
18. Әбу Мансур Әл-Матуриди және оның еңбектері, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Хабарлары. Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сериясы. №5 (303) қыркүйек-қазан 2015. –Алматы, Б. 265-271
19. Ислам тарихындағы Куфа қаласының тарихи маңыздылығы, Адам әлемі. Философиялық және қоғамдық-гуманитарлық журнал. 3-4 (65-66). –Алматы, 2015.
Дереккөздер