Мұқажан Жұмажанов (2004 жылға дейін - Аппаз)2004 ж. Қарағанды облыстық мәслихаты кейбір елді мекендерді қайта атауға шешім қабылдады — Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы ауыл, Жұмажанов ауылдық округінің орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңаарқа кентінен оңтүстікке қарай 1 км-дей жерде.
Тарихы Алғаш мал дайындау пункті болып құрылған, 1953 жылдан бастап іріленіп мал бордақылау шаруашылығы болып құрылды, директоры М. Жұмажанов болып тағайындалды. Кейіннен атауы «Жаңаарқа» кеңшары болып өзгерді. 2005 жылы М. Жұмажанов есімі берілді.
Халқы Жергілікті тұрғындар саны 1999 жылы 611 адам (306 ер адам және 305 әйел адам) болса, 2009 жылы 731 адамды (377 ер адам және 354 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 726 адамды (396 ер адам және 330 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Шаруашылығы, инфрақұрылымы Ауылдық округтің құрамына Байғұл елді мекені кіреді. Ауылдық округте 2 негізгі мектеп, 2 медпункт, кітапхана, 2 дүкен жүмыс істейді. 30 шаруа қожалықтары құрылған (2006). Шаруа қожалықтары егін және мал шаруашылығымен айналысады. Атасу мұнай айдау стансасы арқылы Атасу-Алашанқоу мұнай құбыры өтеді. Ол ауыл экономикасын көтеруге әсерін тигізіп отыр.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Жаңаарқа ауданы елді мекендері