Сейсенбай Алдажұманов - (1899-1958), ауыл шаруашылығын ұйымдастырушы. 1921-22 жылдары Ж. Аймауытовтың жетекшілігімен Қарқаралы ауданынан Қазақстанның ашаршылыққа ұшыраған жерлеріне көмек ұйымдастыруға қатынасқан. 1937-1953 жылдары Қарқаралы ауданындағы Калинин ұжымшарының төрағасы. 1942-47 жылдары Қарқаралы ауданының жер бөлімінін бастығы. 1943 жылы желтоқсанда Қарағанды облысынан майданға көмек ретінде жиналған 1 эшелон азық-түлікті Калинин майданына апарып тапсырушылардың бірі. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар