Ақтүбек — Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы ауыл, Ақтүбек ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңаарқа кентінен батысқа қарай 36 км-дей жерде, Сарысу өзенінің бойында Бәйеш және Қыздарбек тауларының ортасында орналасқан.

Тарихы Мойынсерікке бірігу нәтижесінде 1934 жылы Ақтүбек ұжымшары құрылды. Жерінің жалпы ауданы — 182,2 мың га. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары - мал шаруашылығы, қосымша бағыты — егіншілік болды. 1961 жылы «Дружба» кеңшары ашылып, Ақтүбек кеңшар құрамына кірді. 1977 жылы өз алдына бөлініп шығып, КОКП 25 съезі атыңдағы кеңшар болып қайта құрылды, орталығы Ақтүбек болды. Округ көлемінде 33 шаруа қожалығы еңбек етеді (2006).

Халқы Жергілікті тұрғындар саны 1999 жылы 797 адам (408 ер адам және 389 әйел адам) болса, 2009 жылы 781 адамды (406 ер адам және 375 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 840 адамды (438 ер адам және 402 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Инфрақұрылымы Округтің елді мекендерінде (Ақтүбек, Өркендеу, Сарысу, Атасу және Манадыр бекеті, 128; 152 және 161- разъездері) 4 мектеп, 2 фельдшер-акушерлік пункт, мәдениет үйі, 2 кітапхана бар. Ақтүбек басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Атасу темір жол бекеті 7 км жерде.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Жаңаарқа ауданы елді мекендері