Ақтасты — Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы, Талдыбұлақ ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2025 жылы таратылған.Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының кейбір елді мекендерін тарату туралы 2017 жылға дейін таратылған Ақтасты ауылдық округінің орталығы болды.
Географиялық орны Жартас тауының етегіңде, аудан орталығы Жаңаарқа кентінен солтүстікке қарай 14 км-дей жерде.
Тарихы Іргесі 1982 жылы кеңшар болып каланған. Жерінің жалпы ауданы - 11,5 мың га. Шаруашылығың мамандандырылған негізгі бағыттары - сүт, қосымша шаруашылығы көкөніс өсіру болды. Округте 25 шаруа қожалығы бар. Олар егін және мал өсірумен айналысады.
Халқы Жергілікті тұрғындар саны 1999 жылы 429 адам (206 ер адам және 223 әйел адам) болса, 2009 жылы 218 адамды (117 ер адам және 101 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 38 адамды (23 ер адам және 15 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Инфрақұрылымы Округтің елді мекендерінде (Ақтасты, Үлкен бұлақ, Алғабас, Жаңа Алғабас ауылдары) 2 мектеп, 2 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, клуб, кітапхана, басқа да мәдени тұрмыстық мекемелер бар. Басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Атасу темір жол станциясы 35 км жерде.
Ақтастыдан 6 км жерде Ақтасты гидроторабы орналасқан.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Жаңаарқа ауданының таратылған елді мекендері