Николай Александрович Аристов (1847 – 1910) – этнограф. Қазан университетінің заң факультетін бітірген (1864).

ХІХ - ғасырдың 70-жылдары Түркістан өлкесіне келіп, Жетісу облысының әскери губернаторының қарамағында Құлжа істері жөніндегі кеңсенің меңгерушісі болып істеген.Қазақтар. 7-том. 12-бет "Білік" баспа үйі, Алматы, 2003 1864–1868 жылы Тобыл губерниясының басқармасында, 1868–81 жылы Жетісу облысы мекемелерінде түрлі әкімшілік қызметтерде болды.

Аристов халық шежіресіне сүйеніп рулық бірлестіктердің таңбаларын зерттеді, тарихи деректер мен жаңадан дамып келе жатқан антропология зерттеулерді негізге ала отырып, Ұлы жүз қазақтары мен қырғыздарының этнография құрамының тарихын жазды. «Түркі тайпалары мен халықтарының этн. құрамы жайлы және олардың адам саны жөнінде мәліметтер» аталатын еңбегінде түркі тайпалары мен халықтарының әлемдік тарих сахнасына шығу кезеңінен бастап, 19 ғасырдың аяғына дейінгі тарихы, этнография құрылымы, орналасуы, халқының саны, Қазақстанның Ресеймен, басқа да елдермен қарымқатынасы туралы деректер берілген.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер «Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности», «Живая старина», выпуск III—IV, 1896 г. «Опыт выяснения этнического состава киргиз-казахов Большой Орды и кара-киргизов на основнии родословных сказаний и сведений о существующих родовых делениях и о родовых тамгах, а также исторических данных и начинающихся антропологических исследований», «Живая старина», выпуск III—IV, 1894 г.

Санат:1847 жылы туғандар Санат:1910 жылы қайтыс болғандар Санат:Ресей этнографтары