Жәния Жақияқызы Әубәкірова (, Алматы, Қазақ КСР) — қазақ пианист-концертмейстер, ұстаз, қоғам қайраткері. Қазақстанның халық әртісі (1991), профессор (1993), Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры (1997–2018).

Өмірбаяны Ж. Әубәкірова 1957 жылы 19 сәуірде Алматы қаласында туған. Шыққан тегі — Арғын тайпасы, Қаракесек руының Қояншытағай бұтағы.

Әкесі — Яхия Әубәкіров (1932–2008), экономика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері.

Апайы — Жанар Әубәкірова, экономика ғылымдарының докторы, профессор.

1979 жылы П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын (профессор Л.Н. Власенконың класы) тәмамдап, 1981 жылы аспирантурасын аяқтады.

Еңбек жолы 1979 — Қазақ академиялық опера және балет театрында концертмейстер.

1981–1993 — Алматы консерваториясында (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) аға оқытушы, доцент, арнайы фортепиано кафедрасының меңгерушісі.

1993 жылдан — профессор.

1997–2018 — Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры. Оның басшылығымен оқу орны ұлттық мәртебе алды (2001).

Концерттік қызметі Әубәкірова жеке концерттерін және камералық, симфониялық оркестрлермен бірге Қазақстанда, ТМД елдерінде, сондай-ақ Франция, Германия, Ұлыбритания, Финляндия, Италия, Чехия, Болгария, Корея, Жапонияда орындады.

1983 — Парижде өткен Маргарет Лонг және Жак Тибо атындағы халықаралық конкурстың лауреаты (Гран-при).

1985 — Париждегі Халықаралық камералық ансамбльдер конкурсында (Г. Мурзабековамен бірге) жүлдегер атанды.

2009 — Құрманғазы атындағы консерватория студенттік симфониялық оркестрімен бірге АҚШ-та (Лос-Анджелес, Сан-Франциско, Вашингтон, Бостон, Нью-Йорк) гастрольдік сапарға шығып, Карнеги-холл мен Кеннеди орталығында өнер көрсетті.

Ұйымдастырушылық қызметі 1994 — «Жәния Әубәкірова авторлық мектебі» ашылды.

1998 — «Классика» музыкалық агенттігін құрды; осы агенттік аясында «Франциядағы қазақ маусымдары» және 18 мемлекетте концерттер ұйымдастырылды.

2002 — «Жәния Әубәкірова колледжі» (қазіргі заманғы білім беру әдістемесіне негізделген мемлекеттік емес оқу орны).

2004 — «Arts Management» магистрлік бағдарламасын, пианистер конкурсын және заманауи музыка фестивалін іске қосты.

Марапаттары

1991 - Қазақстан Республикасының халық әртісі. 1998 - Францияның Өнер және әдебиет орденімен марапатталған. 2002 – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 2003 – Густав Малер атындағы Еуропа унии өнер сыйлығының лауреаты 2008 – «Қазақстан мен Ресей арасындағы достықты нығайтуға үлес қосқаны үшін» «Ұлы Екатерина» ІІ дәрежелі қоғамдық мойындау орденінің кавалері. 2008 – Парасат ордені 2009 – «Поляк мәдениетіне қосқан еңбегі үшін» төс белгі. 2011 – Алтын Крест (Польша) 2012 – Тұңғыш Президент атындағы бейбітшілік және прогресс мемлекеттік премиясының иегері. 2016 – «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медаль 2018 – Шет ауданының құрметті азаматы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің жеке алғыс хаты мен төс белгісімен марапатталды Қазақстан Республикасының бірнеше мемлекеттік және үкіметтік медальдарымен марапатталды

Фильмдер

Жаңа толқын (1984). Рояль алдындағы монологтар (1986). Дуэт (1998).

Сілтемелер

Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. Алматы, 2002. Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері. Астана, 2002. Әубәкірова әулеті шежіресінен мәліметтер. «Жәния Әубәкірова – халық әртісі». ҚазАқпарат, 2018.

Қараңыз

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Қазақстанның халық әртісі

Дереккөздер

Санат:Пианисттер Санат:Қазақстан пианисттері