Болат Шарахымбай (3.6.1960 жылы туған, Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қазығұрт) - ақын.

Өмірбаяны ҚазҰУ-ды бітірген. 1985 - 1987 жылдары Алматыдағы №44 спорт мектебінде мұғалім 1988 - 1990 жылдары республикалық "Өркен - Горизонт" газетінің Парламенттегі тілшісі, бөлім меңгерушісі 1990 - 93 жылдары апталық "Ана тілі" басылымында тілші, бөлім редакторы 1993 - 1996 жылдары "Қазақ тілі мен әдебиеті" журналында бөлім редакторы қызметтерін атқарған. Қазір "Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім редакторы болып қызмет істейді.

Шығармалары "Рухтың оралуы" (2003) атты жыр кітабы жарық көрді.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

Дереккөздер

Санат:3 маусымда туғандар Санат:1960 жылы туғандар Санат:Қазығұртта туғандар Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақстан журналистері Санат:Қазақстан ақындары