Ескектұмсық () - бекіретәрізділер отрядының ескектұмсықтылар тұқымдасының тұщы су балығы. Миссисипи өзенімен Эри көлiн мекендейдi. Бекіретәрізділер арасында жалғыз планктонқоректі түр.

Дене ұзындығы 2 м жетедi, салмағы - 75 кг. Денесінiң үштен бiрін ескекке ұқсаған тұмсығы құрайды. Уылдырық шашуды сәуiр - мамырда бастайды, су температурасы +14 ... +16 C жеткен кезде. Уылдырығын(82—290 мың уылдырықшадан турады) 5 метр тереңдiкте шашады.

Солтүстік Американың балық шаруашылығында маңызды рөл ойнайды.

Дереккөздер

Санат:Бекіретәрізділер