Аппақ Майтабанқызы (1904, ҚХР, Іле аймағы, Қорғас ауданы Кертас жайлауы - 1961, сонда) - әнші, домбырашы, ақын. Аппақтың анасы Алмажан әнші болған. Аппақ ағаш Нұрақыннан 40-тан астам күй үйренеді. Ол халық ән-күйлерін шебер орындаушы ғана емес, өз жанынан да ән шығарған. Аппақтың "Көк өзен", "Құбажай" атты әндері белгілі. 1970 жылы оның "Көк өзен" әні радио арқылы көпшілікке таратылды.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:1904 жылы туғандар Санат:Қытай қазақтары