Қуаныш Әжімұратов (25 қаңтар 1945, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жетікөл а. - 14 маусым 2000, Алматы) -күйші, қобызшы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1994).
Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген (1975).
1975 жылдан Қазақ академиялық ұлттық аспаптар оркестрінде домбырашы және қылқобыз аспаптарында жеке орындаушы. Осы оркестрдің құрамында ол көптеген шетелдерде (Италия, Португалия, Швеция, Ауғанстан, Қытай, Франция, Түркия, т.б.) болып, қазақ музыка мәдениетін танытуға үлес қосты. Репертуарынан Қорқыт, Ықылас, Әбікей, Тәттімбет, Дәулеткерей сынды халық композиторлары шығармалары орын алды. Әжәмұрат сондай-ақ өлең де шығарған.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:25 қаңтарда туғандар Санат:1945 жылы туғандар Санат:Сырым ауданында туғандар Санат:14 маусымда қайтыс болғандар Санат:2000 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Күйшілер Санат:Қазақстан қобызшылары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері