Жанар Жақияқызы Әубәкірова – экономика ғылымның докторы (2003).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1958 жылы 29 қыркүйекте Алматы қаласында туған. ҚазМУ-дың философия-экономикалық факультетін (1982, қазіргі ҚазҰУ) және аспирантурасын (1987) бітірген. ҚазМУ-да стажер-ізденуші (1982-1984), Алматы энергетикалық институтында оқытушы, аға оқытушы (1988–1995), Қазақ экономикалық университетінде (1995-2005, бұрынғы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы) доцент, профессор міндетін атқарушы, 2005 жылдан Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде кафедра меңгерушісі.

Ғылыми еңбектері "Посткеңестік кеңістіктегі экономикалық интеграция: теориясы, методологиясы мен практикасы" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 50-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.Қазақ энциклопедиясы Арғын тайпасы, Қаракесек руының Қояншытағай бұтағынан шыққан.Қояншы-Дәулет-Таңай, Болашақ-Баспа, 2008, 293 бет. Н. О. Дулатбеков(төраға), Н.Т. Жұмәділова, Б. Доскеев, Қ. Медиев, С. Тұңғышбеков, Г.Ш. Рымжанова және т.б. ISBN 9965-534-40-3

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Экономика ғылымдарының докторлары