Еркеш Ибраһимұлы Ебекенов (7.11.1930, Ақмола облысы, Балқаш ауылы - 18.10.1986, Қарағанды қаласы) - ақын.

ҚазҰУ-ды бітірген (1955). 1955-1961 жылдары Көкшетау облысы, "Көкшетау правдасы" газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі. 1961-1986 жылдары "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінің Көкшетау, Қарағанды облыстары бойынша меншікті тілшісі болған. Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1954 жылдан жариялана бастаған.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:7 қарашада туғандар Санат:18 қазанда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Егемен Қазақстан журналистері Санат:Көкшетау газеті қызметкерлері