Кенжехан Ісләмжанұлы Матыжанов - Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, фольклортанушы, филология ғылымының докторы (2004). Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнертану институтының директоры (2018 жылдан бастап), Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар Одағының, Журналистер Одағының мүшесі.
Өмрбаяны
1957 жылғы 8 наурыз күні Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Маңырақ ауылында дүниеге келген.
1978 жылы Абай атындағы Қазақтың педагогикалық институтының филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша (1978), аспирантурасын (1985) тәмамдаған.
Еңбек жолын 1978 жылы Шығыс Қазақстан облысында мұғалімдік қызметтен бастаған.
1986 жылдан Ұлттық Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болып еңбек етті.
1985-1986 жылдары Республикалық кітап музейінің ғылыми қызметкері.
1990-1992 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінде ғалым-хатшы, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында доцент қызметінде жұмыс жасады.
1992 жылы Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер кабинеті Аппаратының Ішкі саясат бөліміне аға референт болып қабылданды.
1993 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Тіл комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
1995-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлт саясаты жөніндегі Мемлекеттік комитетте басқарма бастығы, Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының әлеуметтік-мәдени даму бөлімінде тіл саясаты жөніндегі кеңесші, Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау Министрлігінің тіл саясатын үйлестіру Департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігі Тілдерді дамыту Департаментінің бөлім бастығы қызметтерін атқарған.ч
1997 - 1998 жылдары Қазақстан Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министірлігінің тілдерді дамыту департаментінің бөлім басшысы.
1999-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұражайы директорының ғылым жөніндегі орынбасары.
2002-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайының директоры қызметтерін атқарды.
2005-2010 жылдары Алматы қалалық әкімдігінде Мәдениет Департаменті директорының орынбасары, Тілдерді дамыту басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.
2005-2010 - Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы.
2010-2012 жылдары Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының бастығы, 2012 жылдан «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Рухани жаңғыру» инновациялық орталығының басшысы қызметтерін атқарды.
2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Бас директоры қызметінде.
Отбасы Жолдасы: Әсипат Сауытбекқызы Әлметова
Балалары: Рауан Кенжеханұлы (1979), Лаура Кенжеханқызы (1981), Санжар Кенжеханұлы (1989)
Марапаттары
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2007), «Құрмет» Ордені (2016), «Парасат» Ордені (2024), «Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығы», «Астананың 10 жылдығы», «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы», «Қазақстан Халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Тәуелсіздікке 25 жыл» сияқты мерекелік медальдардың иегері.
Шығармашылығы
Игровые элементы в казахском фольклоре. Жулдыз, 1987. «Рухани уыз». Алматы, 1995. Монография, 140 б.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6 «Алтын сандық» (1996) (Золотой сундук) Алматы, 1996. 20 б. «Тал бесіктен жер бесікке дейін» Алматы, 1996. « Ел қазынасы ескі сөз» (Образцы казахского фолльклора в собрании В.В.Радлова) 1997. «Қазақ фольклорының тарихилығы» (Историзм казхского фольклора). (В соавторстве). «Қазақтың отбасы фольклоры». Монография. (2007) «Тәрбиенің тұнық бастауы» (2018) «Казахский семейный фольклор» (2020) «Педогогические аспекты культуры детства» (2020) 1990 жылы «Қазақтың фольклорлық балалар поэзиясы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. 2004 жылы «Қазақтың отбасылық ғұрып фольклоры» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
Дереккөздер
Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Фольклор Санат:Ғылыми институттар Санат:Саясат тұлғалары