«Қазақстан Интернет Қауымдастығы» - Заңды тұлғалар бірлестігі

2009 жылдың мамыр айында бірнеше компаниялар жаңа коммерциялық емес ұйымның құрылтайшысы болды - Заңды тұлғалар бірлестігі «Қазақстан Интернет Қауымдастығы». Ал 2009 жылдың 3 маусымында ЗТБ «Қазақстан Интернет Қауымдастығы» мемлекеттік органдарда ресми тіркелген болатын.

«Қазақстан Интернет Қауымдастығының» мақсаты: Қазақстан нарығындағы интернет-қызметін көрсетуге қатысушыларды мемлекеттік билік органдарына ұсыну; Қазақстан нарығындағы интенет қызметін көрсету жетістіктерін халықаралық дәрежеге ұсыну, қазақстандық интернет-компаниялардың халықаралық проектілерде белсенділігіне қолдау көрсету; Интернет қызметін көрсету стандарттарын дамыту және құру. Интернет аумағындағы әлеуметтік мәнді ресурстарға мемлекеттік көмек көрсетілуін қамтамасыз ету және қолдау көрсету. Қазақстан экономикасының маңызды секторы ретінде интернет-қызметін көрсету саласындағы нарықты дамыту, электрондық бұқаралық ақпараттар құралдары (БАҚ) мен бұқаралық коммуникация құралдарын (БКҚ) қоса. Халықтың электронды технологияға сенімін нығайту, жарнама берушілер мен инвесторларға интенет-қызметін көрсету нарығын тартымды ету; Интернет-қызметін көрсету нарығындағы қазақстандық және әлемдік тәжірибені зерттеу және жүйелеу; Интернет-сервистерді сертификаттау; Интернет тақырыбындағы шолушы және ғылыми-тәжірибелік конференциялар, форумдар, симпозиумдар ұйымдастыру және өткізу. Интернет-қызметін көрсету саласындағы мамандардың іскерлік шеберлігін бір дәрежеде ұстау және жетістіктерін қолдау.

Сыртқы сілтемелер Заңды тұлғалар бірлестігінің «Қазақстан Интернет Қауымдастығының» - Ресми сайты

Дереккөздер

Санат:Қазақстан қоғамдық ұйымдары Санат:Қазақстан интернеті Санат:2009 жылы құрылған компаниялар