Ізтелеу Әбуғалиев(16.12. 1930, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы – 27.10.2004, Алматы) – ауыл шаруашылығының ғылымдарының докторы (1976), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1984), профессор (1988), Қазақстан Ғылым Академиясының акадеимигі (1994).
Өмірбаяны ҚазМУ-ды (1953, қазіргі ҚазҰУ) және осы университтің аспирантурасын (1956) бітірген. Қазақстан Ғылым Акедемиясының Ботаника институтында (1957–1959, қазіргі Ботаника және фитоинтродукция институты) кіші ғылыми қызметкер 1959 жылдан Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, директоры (1975–1995) 1995 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының академик-хатшысы болды.
Ғылыми жұмысы 1975 жылы «Қант қызылшасының тұқымын өсіруге және оның селекциясына, аймақтық егіншілік жүйесі» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Ол Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылымына жаңа бағыттарды – қант қызылшасының селекциясын, биотехнологияны, сорттық агротехниканы, өсімдік генофондын, биометрияны, т.б. енгізді; ауыл шаруашылық дақылдарының (қант қызылшасының, жүгерінің, күздік бидайдың) жаңа сорттарын шығарды. Оның суғарылатын, суғарылмайтын, тәлімі, таулы жерлерде егіс жүйелерін жасауға және ауыл шаруашылықтын дақылдарын өсіру технологиясын жақсартуға арналған ғылыми ұсыныстары мен әдістемелері ауыл шаруашылық өндірісіне енгізілді. Әбуғалиев 260-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 10 авторлық куәліктер мен патенттердің иегері.
Шығармалары Технология производства и заготовка кормов на пашне, А., 1987; Безвысадочный способ семеноводства сахарной свеклы, А., 1992; Поле степного Приуралья, А., 1993.
Марапаттары 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордені «Құрмет Белгісі» ордені медальдармен марапатталған.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:16 желтоқсанда туғандар Санат:1930 жылы туғандар Санат:Жаңақала ауданында туғандар Санат:28 қазанда қайтыс болғандар Санат:2004 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторлары Санат:Ресей ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының корреспондент мүшелері Санат:Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:КСРО агрономдары Санат:Қазақстан агрономдары Санат:КСРО ботаниктері Санат:Қазақстан ботаниктері Санат:КСРО селекционерлері Санат:Қазақстан селекционерлері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткерлері Санат:Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының профессорлары