Қосшеген каналы – Жайық-Көшім суғару-суландыру жүйесіне кіретін арна. 1972 жылы салынған.
Гидрологиялық сипаты Суды Тайпақ каналынан алады. Ұзындығы 66,3 км. Су ағыны 5 м3/с. Қосшеген каналы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Алмалы және Жаңақала ауданының Бірлік елді мекендерін сумен қамтамасыз етеді.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:Батыс Қазақстан облысы каналдары