Физалис тұқымдасы () немесе Қызылқұлақ туысы () – алқалар тұқымдасының ең ірі тармағы. КСРО-да үш түрі бар, оның 2-уі Қазақстанда өседі. Кәдімгі физалисті халық арасында шие деп те атайды. Бұл шырмауықты, жіңішке ағаш тектес бұтақты бақша өсімдігі. Жапырағы жүрек пішіндес, айқын түсті, дара, қоңырау гүлді. Сәуір, мамыр айларында гүлі бүр жарады. Осыдан кейін-ақ қызғылт - қызыл шар тәріздес жемісі шығады. Оның бүлдірген дәмдес, хош иісті жемісін жасаң түрінде пайдаланады. Құрамында минералдық тұздар, қант, пектин бар. Кондитерлік тағам, маринад, икра (уылдырық) жасарда және басқа да тағамдардың тұздығын келтірерде қолданылады.Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Дереккөздер
Санат:Алқалар