Қазақстан Республикасында ресми тойланатын мерекелер тізімі. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында ұлттық мерекелер, мемлекеттiк мерекелер, кәсiби және өзге де мерекелер атап өтiледi.

Ұлттық мерекелер — Қазақстан мемлекеттiлiгiнiң дамуына елеулi ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметiне Қазақстан Республикасында белгiленген мерекелер. Ұлттық мерекелердi мейрамдау кезiнде орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарда ресми iс-шаралар өткiзiледi. Мемлекеттiк мерекелер — қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлi түрде атап өтетiн мерекелер. Мемлекеттiк мерекелердi мейрамдау кезiнде ресми iс-шаралар өткiзiлуi мүмкiн. Кәсiби және өзге де мерекелер — ұлттық және мемлекеттiк мерекелер мәртебесi берiлмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетiн мерекелер.

Ұлттық және мемлекеттік мерекелiк даталар тiзбесiн Қазақстан Республикасының мерекелер туралы Заңы, кәсіби мерекелік даталарды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, басқа мерекелік даталарды Үкімет белгiлейдi.

Қазақстан Республикасы ресми мейрамдарының тізімі:   — мейрам (жұмыс істемейтін) күндері  — кәсіби мейрамдар  — басқа мерекелік күндер  күн-айыатауыенгізілген жыл  1—2 қаңтар Жаңа жыл (мемлекеттік мейрам) 1992  7 қаңтар Рождество (демалыс күні) 2005 10 зұлхижжа Құрбан айт (демалыс күні) 2005 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні (мемлекеттік мейрам) 1992 15 наурыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні (мемлекеттік мейрам) 2026 21—23 наурыз Наурыз мейрамы (мемлекеттік мейрам) 1992 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесі (мемлекеттік мейрам) 1992 7 мамыр Отан қорғаушы күні (мемлекеттік мейрам) 2012 9 мамыр Жеңіс күні (мемлекеттік мейрам) 1992 6 шілде Астана күні (мемлекеттік мейрам) 2008 25 қазан Қазақстан Республикасы күні (ұлттық мейрам) 2022 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні (мемлекеттік мейрам) 1995

 күн-айыатауы 10 қаңтар Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы күні 28 қаңтар Қаржылық мониторинг органдары күні 1 ақпан Қазақстан Республикасының азаматтық авиация жұмыскерлері күні 2 ақпан Ұлттық басылым күні 15 ақпан Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні 1 наурыз Алғыс айту күні наурыздың 2-ші сенбісі Жерге орналастыру, геодезия және картография күні 7 сәуір Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жұмыскерлер күні сәуірдің 1-ші жексенбісі Геолог күні 12 сәуір Ғылым жұмыскерлері күні 16 сәуір Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының жұмыскерлері күні 21 сәуір Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күні 23 сәуір Кітапханашы күні 23 сәуір Ұлттық кітап күні мамырдың 2-ші жексенбісіАналар күні 17 мамыр Байланыс жұмыскерлері күні 20 мамыр Метрология жұмыскерлері күні 21 мамыр Мәдениет және өнер жұмыскерлері күні мамырдың соңғы жексенбісі Химия өнеркәсібі жұмыскерлері күні 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні 4 маусым Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің күні 5 маусым Эколог күні 7 маусым Монополияға қарсы орган жұмыскерлерінің күні 9 маусым Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісінің және қызметкерінің күні маусымның 2-ші жексенбісіЖеңіл өнеркәсіп жұмыскерлері күні, Малшылар күні маусымның 3-ші жексенбісіМедицина жұмыскері күні 23 маусым Полиция күні, Мемлекеттік қызметші күні маусымның 3-ші жексенбісіӘкелер күні 24 маусым Судья және сот жұмыскері күні 28 маусым Бұқаралық ақпарат құралдары жұмыскерлері күні 2 шілде Дипломатиялық қызмет күні 7 шілде Қазақстан Республикасының қолөнершілер күні 9 шілде Су шаруашылығы жұмыскерлері күні 10 шілде Ветеринариялық жұмыскер күні 13 шілде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні 14 шілде Нотариат күні шілденің 1-ші жексенбісіТеңіз және өзен көлігі жұмыскерлерінің күні шілденің 1-ші жексенбісі Ұлттық домбыра күні шілденің 2-ші жексенбісіБалық шаруашылығы жұмыскерлері күні шілденің 3-ші жексенбісіМеталлург күні шілденің 4-ші жексенбісіСауда жұмыскерлері күні тамыздың 1-ші жексенбісіТеміржол көлігі жұмыскерлері күні тамыздың 2-ші жексенбісіҚұрылысшы күні 10 тамызАбай күні 18 тамыз Шекарашылар күні 29 тамызСемей ядролық сынақ полигонының жабылған күні тамыздың 3-ші жексенбісіСпорт күні тамыздың соңғы жексенбісіШахтёр күні 1 қыркүйек Білім күні 3 қыркүйек Қазақы тазы мен төбет күні 5 қыркүйекҚазақстан халқы тілдері күні қыркүйектің 1-ші сенбісіАңшылық шаруашылығы жұмыскерінің күні қыркүйектің 1-ші жексенбісіМұнай-газ кешені жұмыскерлері күні қыркүйектің 2-ші жексенбісіБақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика саласы жұмыскерлері күні 15 қыркүйек Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні қыркүйектің 2-ші жексенбісіОтбасы күні қыркүйектің соңғы жексенбісіЕңбек күні 28 қыркүйек Атом саласы жұмыскерлері күні 30 қыркүйек Әділет органдары қызметкерлері күні қыркүйектің соңғы жексенбісіМашина жасаушы күні 1 қазан Қазақстан Республикасының Жоғары білім жұмыскерлері күні 1 қазанҚарттар күні, Радио күні 2 қазан Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жұмыскерлері күні 5 қазан Мұғалім күні 6 қазан Қорғаныс өнеркәсібі жұмыскерлері күні 10 қазан Қазақстан Республикасының кәсіптік одақтарының күні 14 қазан Стандарттау жұмыскерлерінің күні 16 қазанНан күні 19 қазан Құтқарушы күні 20 қазан Қоғамдық тамақтандыру саласы жұмыскері күні қазанның 3-ші жексенбісіОрман шаруашылығы жұмыскері күні қазанның соңғы жексенбісіӘлеуметтік қорғау жүйесі жұмыскерлері күні, Автомобиль көлігі жұмыскерлері күні, Автожол саласы жұмыскерлерінің күні 29 қазан Күзет ұйымдарының жұмыскерлері күні, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлері күні 5 қараша Сыртқы барлау күні 8 қараша Статистика күні 10 қараша Цифрландыру және цифрлық технологиялар жұмыскерлері күні, Бухгалтерлік есеп және аудит саласы жұмыскерлерінің күні 11 қарашаЭнергия үнемдеу күні 15 қараша Қазақстан Республикасының қаржы саласы жұмыскерлерінің күні 15 қарашаҰлттық валюта — теңге күні қарашаның 3-ші сенбісіБұрғылаушы күні қарашаның 3-ші жексенбісіАуыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі жұмыскерлері күні 18 қарашаСыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні  1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні 5 желтоқсанАдвокатура күні 6 желтоқсанПрокуратура күні 13 желтоқсанҚылмыстық-атқару жүйесі жұмыскерлері күні 20 желтоқсанҚазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні  22 желтоқсан Энергетик күні, Архивші күні

Ескертпелер

Сыртқы сілтемелер «Мереке күндерi туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 қаңтардағы №1154-XII Заңы (күшін жойған)

Санат:Қазақстан мейрамдары Санат:Қазақстан бойынша тізімдер