Расим Низамиұлы Аппасов (11.5.1911 ж.т., Алматы облысы Қапал ауданы Қапал (Жамбыл облысы)) – биология ғылымдарының докторы (1969).

Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтын бітірген (1933). 1949 ж. Қазақстан ғылым академиясының Зоология институтында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.

Аппасовтың 40-қа жуық ғылыми еңбегі бар. Олар негізінен Қазақстандағы жабайы жануарлар мен малдың қанында, ішегінде кездесетін паразиттер және солар арқылы таралатын ауруларды зерттеуге арналған.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Сілтемелер Новости Казахстана. Агентство Казинформ

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:1911 жылы туғандар Санат:Алматы облысында туғандар Санат:Қазақстан биологтары