Дадабаев Әлім Юсупұлы (8.5.1928 ж.т., Алматы қаласы) – химия ғылымдарының докторы (1975), профессор (1983). Алматы тау-кен институтын бітірген (1951). 1952–1955 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының Металлургия институтында аспирант, 1955–96 ж. кіші, аға ғыл. қызметкер, лаборатория меңгерушісі, 1996 жылдан ҚР Ұлттық ғылым академиясының Металлургия институтында бас ғылым қызметкер болды. Дадабаев 300-ден астам ғылыми-зерттеу еңбектің, 2 монографияның авторы.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер