Шалқар Әбішұлы (05.05.1944 жыл Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Қошқар-Ата ауылы) - ақын.
1963 жылы Шымкенттегі кооперативтік сауда техникумын 1964 жылы Алматыдағы ревизорлар дайындайтын бір жылдық мектепті 1972 жылы Халық шаруашылық институтын бітіріп, селолық, аудандық, қалалық, облыстық сауда мекемелерінің бастығы болып қызмет еткен. Шымкент қаласындағы «Базар» жабық акционерлік қоғамының төрағасы 1999 — 2007 жылдары облыстық мәслихаттың депутаты болған. Қазір 1992 жылы өзі ашқан Шымкент қаласындағы халықтық «Аштықпен емдеу орталығының» директоры.
Шығармалары «Өмір сабақ өзгені ойландырсын» «Ана туралы жыр» (1995) «Жақсы болу — өзіңнен» (1999) «Ойланыл көрші өзің де!» «Мән бергін, жастар, сөзіме!» атты кітаптары жарық көрген. 1995 жылы «Жыр додасы» 1996 жылы «Аңсаймын ауылымды» «Термелер» жинағы 2007 жылы «Рух пен тәннің саулығы» «Аштықты ұстау — денсаулықтың кепілі» кітаптары жарық көрді. Ол жайында 2003 жылы ол жайында «Алпысқа келді бір ақын» 2004 жылы «Қос арман» атты кітаптар басылып шыққан.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Жетістіктері 1997 жылы «Облыстық жазбагер ақындар мүшәйрасының» бас жүлдегері болды. Мемлекетіміздің 10 жылдығына арналған медалімен марапатталған. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған (2005) Бәйдібек ауданының Құрметті азаматы.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Дереккөздер
Санат:5 мамырда туғандар Санат:Бәйдібек ауданында туғандар Санат:1944 жылы туғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Айтыс ақындары Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан мәдениет қайраткерлері Санат:Бәйдібек ауданының Құрметті азаматтары