Халықаралық қайта құру және даму банкі (ағылш. International Bank for Reconstruction and Development; (IBRD)) — 1944 жылы құрылған. Қатысушылары – 189 мемлекет. Мақсаттары – мүше мемлекеттерге басымдылықтарды белгілеуде, қоршаған ортаны қорғаудың ұйымдық құрылымын жасау және бағдарламаларын орындауда көмек көрсету; қоршаған ортаға жағымсыз әсерді болғызбау жөніндегі жобаларды қаржыландыру; кедейшілікті жоюда, экономиканың пәрменділігін арттыруда және қоршаған ортаны қорғауда көмек көрсету; Ғаламдық қоршаған орта қорына қатысу.
Негізгі қызметі – саяси диалогты қалыптастыру, техникалық көмек көрсету, ғылыми зерттеулер жүргізу және қаражаттық көмекті үйлестіру.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау. А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
Дереккөздер
Санат:Халықаралық банктер Санат:Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемелері