Барракудалылар, теңіз шортаны () – Кефале тәріздес отрядының балық тұқымаасы.
Ұзындығы 3 м (әдетте 1 м). Денесі шортан тәріздес. Ауызы үлкен -тісі мықты алдынғылары азу тіске ұқсас. 1 туысы барракудалар (Sphyraena) 20 түрі Атлант, Тынық және Үнді мұхиттарының тропикалық және субтропикалық суларында таралған; ТМД-да 2 түрі: (екеуі де сирек кездеседі) ұсақ қабыршақты сфирена (S. sphyraena) Қара теңізде; S. pinguis Жапондық тенізде кездеседі. Жыртқыштар; шағын топ құрайды. Жыныс мүшелерінің жетілуі 2-4 жылда аяқталады. Уылдырығын суға бөліп шашады. Үлкен барракудалылар адамға қауіпті. Кәсіпшілік балығы.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Дереккөздер
Санат:Алабұғатәрізділер