Тұратай Иісова (15 қазан 1931, Қарақастек ауылы, Жамбыл ауданы, Алматы облысы, Қазақ АКСР, РКФСР, КСРО – 14 шілде 1994, Семей) – актриса, Қазақстанның халық әртісі; 1960 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі).

Өмірбаяны Қазақ драма театры жанындағы театр студиясын бітірген (1953). 1956 жылдан өмірінің соңына дейін Семей музыкалық драма театрында актриса болып қызмет атқарды. Театр сахнасында Иісованың жасаған бейнелері ірі де сан қырлы. Солардың ішінде: М.Әуезовтің “Қара Қыпшақ Қобыландысында” – Қарлыға “Еңлік-Кебегінде” – Еңлік “Абайда” – Әйгерім, Мүсіреповтың “Ақан сері – Ақтоқтысында” – Ақтоқты “Қозы Көрпеш – Баян-сұлуында” – Мақпал Ш. Айтматовтың “Жәмиләсында” – Жәмилә “Ана-Жер анасында” – Әлиман Б.Майлиннің “Шұғасында” – Күлзипа А.Штейннің “Толасында” – Тата Нерадова Д.Исабековтің “Әпкесінде” – Әпке, т.б. көптеген классик., трагедиялық, комедиялық, психол., драм. бейнелер бар. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

Қызы - режиссер Бахтиярова Гүлбарам Мақсұтқызы. Бахтиярова Гүлбарам Мақсұтқызы

Дереккөздер

Санат:15 қазанда туғандар Санат:1931 жылы туғандар Санат:Жамбыл ауданында (Алматы облысы) туғандар Санат:1994 жылы қайтыс болғандар Санат:Семейде қайтыс болғандар Санат:Қазақстан актрисалары Санат:Қазақстан халық әртістері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері