Рашит Саттарұлы Кәренов (1944 жылы туған) – 1992 экономика ғылымының докторы, профессор (1993). 1967 Қарағанды политехникалық институтын, (қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) бітірген соң осы институтта 1970-90 аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, 1991–94 ҚР ҰҒА Жер қойнауын кешенді игеру Қарағанды ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі. 1994–2001 және 2002 жылдан Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. Кәренов 1200 ғылыми және әдеби жарияланымның, оның ішінде 23 монографияның авторы.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5Қазақ Энциклопедиясы, ҚР ғылымы

Дереккөздер

Санат:Тарих Санат:Тұлғалар