Әділ Бөкейханов (1804- 1876) — Бөкей ханның баласы, Жәңгір ханның туған інісі. 1825 жылдан бастап Бөкей ордасында масқар, есентемір, таз руларын басқарды. Хан ордадан тысқары жерге шыққанда басқару ісін уақытша Бөкейхановқа жүктеді. 1845 ж. Жәңгір қайтыс болғанда тақ мирасқоры Сақыпкерейдің 16 жаста болуына орай Орданы басқару жөніндегі Уақытша кеңес құрылып, төрағалығына есауыл боп Бөкейханов тағайындалды. Інісі М.Бөкейханов екеуі Жәңгірдің жас балаларына заң тұрғысынан қамқоршы болып бекітілді. Әкімшілік қызметі үшін Анна ленталы алтын медальмен марапаттадды, әскери майор шенін алды.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002, ISBN 9965-607-02-8 Дереккөздер
Санат:1804 жылы туғандар Санат:1876 жылы қайтыс болғандар Санат:Батыс Қазақстан облысында туғандар Санат:Бөкей әулеті Санат:Төрелер