Сәрсенғалиев Жақсылық Төлеуұлы — әнші-термеші, жыраулық өнер дәстүрін насихаттаушы. Өмірбаяны

Орта мектепті ауылда бітіріп (1962), кәсіптік-техникалық училещеде оқыған, шофер, тракторшы мамандығын меңгерген.

1963-1968 жылы ауылда еңбек ете жүріп, жас өнерпаздар үйірмесіне қатысқан. 1968-1970 жылы Алматы эстрадалық «Өнер» студиясында оқып, Қазақстан Халық артисі Ғ.Құрманғалиевтің класында дәріс алған. 1970-1972 жылы сол студия жанындағы ансамбльде, 1972-1982 жылы «Қазақконцерт» бірлестігіңде әнші. 1981 жылы ҚазМУ-дың журналистика факультетін оқып бітірген. 1982-1987 жылы Құрманғазы атындағы академия ұлт аспаптары оркестрінде әнші болды. 1987 Сәрсенов жылдан Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясында әнші.

Сәрсенғалиев Мұхит Мерәліүлы атындағы республикалық ән байқауларының екі дүркін бас жүлдегері. Концерттік сапармен 20-дан астам шет елде, ТМД елдерінде өнер көрсетті, сондай-ақ оның орындауындағы көптеген ән-термелер ұнтаспаға жазылған.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар