Болат Жетекбай (4 мамыр, 1964 жыл, Түркменстан, Шағадам-Красноводск (қазіргі Түркменстанның уалаяты) өңірі, Қошоба ауылы) - ақын.

Өмірбаяны 1987 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетін тамамдаған. Әр жылдары «Алматы ақшамы», «Азия», «Қазақ әдебиеті», «Қазақ елі» сияқты республикалық газеттерде қызмет еткен. 1986—1990 жылдары Красноводск ауданында қазақ тілінде шығатын «Жұмысшы» газетінде қызмет етеді. 2000 жылдан Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім Академиясында аға маман, ғылыми қызметкер болып қызмет еткен. Қазіргі кезде «Қазақфильм» киностудиясында еңбек етуде.

Шығармалары 1996 жылы «Жазушы» баспасынан «Күндіз аққан жүлдыздар» атты жыр жинағы жарық көрген.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл

Дереккөздер

Санат:4 мамырда туғандар Санат:1964 жылы туғандар Санат:Шағадам-Красноводск уалаятында туғандар Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Алматы ақшамы тұлғалары Санат:Қазақ әдебиеті газеті қызметкерлері Санат:Қазақфильм тұлғалары Санат:Қазақстан ақындары