Бүргетәрізділер немесе Жер бүргетәрізділері, Топырақ бүргешігі () – қатты қанаттылар сабының жапырақ жегілер тұқымдасына () жататын қоңыздар тармағы.
Дене тұрқы 1,5-5 мм, мұртшасы таспиқ тәрізді, 10-11 бунақты, артқы аяқтары секіріп жүріге бейім. Топырақ бүргешігінің жер жүзіне кең таралған 5000-ға жуық түрі белгілі. Топырақ бүргешігі екпе өсімдіктерден капуста, шомыр, шлағам, қызылша, зығыр, қара қурай, құлмақ, картоп, томат, астық тұқымдас тағы да басқа көптеген өсімдіктеріне зиян келтіреді. Топырақ бүргешігінің көптеген түрі Қазақстанда да кездеседі. Мысалы, Қызылшаның оңтүстік бүргешігі, Кәдімгі бүргешік, Крест гүлділер бүргешігі, Тамыржеміс бүргешігі және тағы да басқа.
Топырақ бүргешігінің көптеген түрі бір ұрпақ береді. Топырақ арасында не өсімдік қалдығы астында қоңызы, аздаған түрінің личинкасы не жұмыртқасы қыстайды. Көктемде топырақ беті жылуы 10-12 градус Цельсияға жеткенде қоңыз тіріліп өсімдік көгін мекендеп, жапырағын кеміріп зақымдайды. Топырақ бүргешіне қарсы гексахлоран, ДДТ, хлорофос, инсектицидтер қолданылады, егістің арам шөбі оталынады. Қазақ Совет энциклопедиясы
Өсімдікжегіштер дернәсілдері топырақта өсімдік тамырлар үстімен де кейде тамырларда, жапырақтарында дамиды кейде өсу бөлігін жояды. Бүргелер көбі ТМД-да (130 түр), сонымен қатар шаршы гүлді өсімдіктер бүргелеріөсімдік дакылдарына зиян келтіреді.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Дереккөздер
Санат:Қатты қанаттылар