Жолаушылар автокөлігі кәсіпорны (ПАП N1) АҚ — Орал қаласында жолаушылар тасымалын қамтамасыз ететін арнаулы кәсіпорын. Ол 1958 ж. таксомотор паркі ретінде құрылған. Жыл сайын табысты еңбек етіп, материалдық-техникалық базасын жетілдіру нәтижесінде шағын ұжым 1974 ж. 1-автобус паркіне айналды. 1980-жылдары кәсіпорын жанынан жаңа цехтар ашылып, көлікті жөндеу және қосалқы бөлшектерді қалпына келтіру мәселесі дербес шешілді. 1989-1992 ж. автобус паркі жалға беріліп, өзінің кәсіби міндетін тындырымды атқарды. 1993 ж. 29 желтоқсаннан бастап ол «1 -Жолаушылар автокөлігі кәсіпорны акционерлік қоғамы» деп аталады. 1999 жылдан кәсіпорын ұжымы жолаушылар тасымалын тендер өткізу, арнаулы келісімшарттар жасау арқылы жүзеге асырады. Қазіргі кезде акционерлік қоғамға қарасты 62 автомобиль, сондай-ақ бірнеше жеңіл таксомотор қала тұрғындарына мүлтіксіз қызмет етіп жүр (1.8.2001). Кәсіпорын қала ішінде жолаушылар тасымалдаумен қатар автобустар мен жеңіл автомобильді жөндеу және техникалық күтім жасау, жуу қызметтерін де атқарады.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Транспорт