Теңіз ірбісі , теңіз қабыланы () – нағыз итбалықтар тұқымдасына жататын ескекаяқты сүтқоректі. Басқа итбалықтарға қарағанда Антарктида жиі кездеседі. Оның денесіндегі май қабаты сол жерді мекендейтін басқа итбалықтарға қарағанда жұқа болады. Қыста теңіз қабылдандары Австралия, Отты Жер, Патагония жағалауларына кетеді, себебі ол жақ жылы болады. Жазда қайтып оралады. Жалғыздан жүреді. Оларды жүзіп бара жатқан мұз үстінде адам аяғы баспаған аралдар мен жағалаулардан көруге болады. Теңіз қабыланы - жыртқыш аң. Ол тек балықтар мен пингвиндер және итбалықтарды да жейді. Өлген иттердің етін де азық етедіЖануарлар әлемінің үлкен атласы,«Алматыкітап» баспасы. 2000 жыл ISBN 2078-6727

Дене ұзындығы 3,5 м дейін, салмағы 40 кг дейін. Жаңа туған ірбіс ұрпағы, (ұзындығы 1,5-1,6 м), түгі ұзын, жұмсақ. Түсі ірбіске ұқсас. Антарктиданың ауытқыған сең аймағында тіршілік етеді. Қалқыған сеңмен Антарктида, Жаңа Зеландия, Австралия, Африка жағалауларында пайда болады. Негізгі қорегі балықтар мен басаяқты ұлулар. Сонымен қатар итбалықтар мен құстарға шабуылдайды. Саны 800 мыңдай.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3

Дереккөздер

Санат:Нағыз итбалықтар Санат:Антарктида фаунасы