Жеке кәсіпорын - кәсіпорынның тарихи тұрғыдағы барынша ежелгі пішімі. Жекеменшік құқығы негізінде әрекет ететін кәсіпорын. Жеке кәсіпорын азаматтың (отбасының) мүлкінен, алынған пайдаларынан, кредиттер мен басқа заңды көздерден құралады. Жеке кәсіпорын азаматтың (отбасының) мемлекеттік кәсіпорынды жекешелендіру барысында оны сатып алуы немесе жаңа шаруашылық, бірлігін кұру нәтижесінде құрылуы мүмкін.Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық.- Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6

Дереккөздер

Санат:Құқық Санат:Заң