Өмірбаяны

Сайкиев Халаби Мұхитұлы - ғалым, филология ғылымының докторы (1976), профессор (1975).

Орал педагогика институтын бітірген (1941). Ұлы Отан соғысына қатысқан.

1946 жылдан ҚазМУ-де оқытушы, проректор, декан. 1962-1986 жылдары осында орыс тілі кафедасының меңгерушісі. 1954-1956 жылдары Қазақстан FA-ның Тіл және әдебиет институтының директоры.

Ғылыми-зерттеушілік еңбектері орыс, қазақ тілдерін салыстыра зерттеуге, орыс тілінің грамматикасы мәселелеріне арналған. Орта мектеп пен жоғары оқу орындарына арналған орыс тілі оқулықтарының авторы.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3

«Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. Шығармашылығы Конструкции с винительным падежом в современном русском языке, М., 1960; Русский глагол и его формы, А.-А., 1968; Грамматические категории глагола в русском и казахском языках, А.-А., 1973.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Қазақ тілі Санат:Тұлғалар