Минтай () – треска тұқымдастары. Дене ұзындығы 40-55 см, салмағы 1,5 кг. Денесі ұзынтақ. Арқа жүзбе қанаттары 2, құйрық жүзбе қанаттары ойықталған. Қиыршығыс Минтай, Тынық мұхитының солтүстік жак теңіздерінде таралған. Жыныстық жетілуі 3-4 жылға созылады. Уылдырығын 50-100 м терендікте шашады. Корея, Сахалин, Камчатка жағалауларында уылдырығын көктемде, ал Берингов жағалауында жазда шашады. Уылдырығы ұсақ. Қорегі, шаянтәрізділер мен ұсақ балықтар. Теңізде өте қалың балық. Кәсіпшілік нысаны.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Дереккөздер
Санат:Трескатәрізділер