Жабайы жануарларды қорғау жөніндегі халықаралық қор (Wildlife Conservation International) — 1897 ж. құрылған. Мақсаты Мақсаты — ғылыми зерттеулер мен үкіметтік емес ұйымдарды институциялық қолдау; халық пен үкіметтік емес ұйымдарға консультациялық көмек көрсету және лоббистік қызмет. Негізгі кызметі Негізгі кызметі — ғылыми және ағартушылық жобаларды жүзеге асыру арқылы табиғат қорғау саласындағы ағартушылық және білім беру, табиғат қорғаудың маңыздылығын ұғынушылықты қалыптастыру тұрғысындағы қызмет, әлеуметгік проблемаларды шешуге қатысу, аймақтық жоспарлау және басқару.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5 Дереккөздер

Санат:Экология Санат:Табиғатты қорғау