Батыс аймақ, Батыс бөлік – Кіші жүзде хандық жойылғаннан кейін (1824) енгізілген өкімшілік басқару жүйесінің бір бөлігі.
Патша үкіметі 19 ғ-дың 1-ширегінде дәстүрлі хандық билікті біржолата жойып, Кіші жүзді Шығыс , Орталық және Батыс бөліктерге бөлді. Батыс аймақ Елек, Темір өзендері мен Арал теңізінің батыс жағын, Гурьевтен (қазіргі Атырау) Каспий теңізіне дейін, ал оңтүстікте түрікмен елі мен Хиуа хандығының шекарасына дейін кең аймақты қамтыды. Бұл жерлерді негізінен Кіші жүз құрамындағы Байулына кіретін рулар мекендейтін. Кейін (1831) Кіші жүзді басқарудың сатылық жүйесі енгізілгенде, Батыс бөлік 8 сатыға бөлінді.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8
Сұлтан-билеушілер:
1 Қаратай Нуралыұлы (1824-1826)
2 Шыңғали Орманұлы(1826-1830)
3 Баймұхамед Айшуақұлы(1830-1847)
4 Мұхаметқали Тәукеұлы(1847-1865)
5 Әлмұхаммед Сейдалин(1866-1869)
Дереккөздер