Бауыржан Өміржанұлы Жақып (1 мамыр 1963 жыл, Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Аққора ауылы) — қазақстандық ақын, филология ғылымдарының докторы (2004), профессор (2007), Қазақстан Журналистика академиясының (2006) және Қазақстан Жоғары мектеп ұлттық ғылыми академиясының корреспендия мүшесі (2007).
Өмірбаяны ҚазМУ-дың журналистика факультетін (1985, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. ҚазМУ-да стажер-зерттеуші (1986–1988), ассистент (1988–1991), аға оқытушы (1991–1994), деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі (1995–2001, 2008–2009), журналистика факултетінің деканы (2001–2008) қызметтерін атқарды. 2009 жылдан «Қазақ энциклопедиясының» бас директоры. Семей мемлекеттік университетінің құрметті профессорі (2009).
Шығармалары “Жұлдызды шақ” (1987) “Көзімнің нұры” (1990) “Айдындағы аспан” (1996) “Ақ лақ” (1997) жыр жинақтары “М.Әуезов — публицист” (1997) ғылыми-зерттеу кітабы жарық көрген. Бауыржан Жақыптың өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1980 жылдан бастап жарияланып келеді. Оның шығармалары «Аудитория» (1984), «Қарлығаш» (1987), «Бір кеменің үстінде» (1987), «Аралым – арым, Балқашым – бағым» (1988) жинақтарында жарық көрді. Сондай-ақ «Қолтаңба» (2001), «Уақыт ұршығы» (2004), «Қызыл қайың» (2008) жыр кітаптары жарық көрген. Ақынның өлеңдері «Екі мың жылдық дала жыры» (2000) атты таңдаулы жырлар жинағына енген. «Жігер» фестивалінің лауреаты атанды.
Ғылыми жұмысы «Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – қазақ көркем әдебиеті мен журналистикасындағы пубицистика жанрының қалыптасуы, дамуы, теориялық және шығармашылық мәселелері. Жақып 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы.
Марапаттары Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты (1990) Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1998) Қазақстан Республикасының «Дарын» мемлекеттік жастар (1999) сыйлықтарының лауреаты.Қазақ Энциклопедиясы Халықаралық Жазушылар мен публицистер қауымдастығының мүшесі (2006) «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі «Құрмет» ордені «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі (2013) Қазақстан Журналистика академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығы (2014)
Дереккөздер
Санат:1 мамырда туғандар Санат:1963 жылы туғандар Санат:Абай ауданында (Абай облысы) туғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қазақстан филологтары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің профессорлары Санат:Дарын мемлекеттік сыйлығының иегерлері