Атырау — Атырау облысының әкімшілік орталығы, Қазақстанның батысында, Жайық өзенінің бойында орналасқан қала. Қаланың негізі 1640 жылы қаланған. Тұрғыны 316 449 адам (2023). Атырау қаласынан Астанаға дейінгі қашықтық 1810 км.
Атауы Қала жеріндегі белгілі тұңғыш тұрақты қоныс — қазіргі «Орбита» стансасы қасындағы Алтын Орда кезеңіндегі болған Лаэти асары. Ноғай ордасы кезеңінде балықшылардың тұрақты Үйшік қонысы Жайық өзені сағасында орналасқан.
Казак-орыстар жаулап ала бастағанда 1640 ж. Яицкий городок аталған қалашық салынған. Жайықтың жоғарысында Верхний Яицкий городок (қазіргі Орал қаласы) деген қалашық салынғасын, Нижний Яицкий городок деп аталып кеткен, соңынан ол — Усть-Яицкий городок.
Ресей ханшайымы Екатерина II Яик өзенін (Жайықтың орысша атауы) Урал деп атауын жарлығымен бекіткенде, қаланың атауы Гурьев городок, Гурьев деп өзгертілген.
1920 жж. қысқа уақытқа большевиктер Гурьевті Чапаев деп қайта атаған.
1992 ж. бері қала атауы — Атырау.
Этимологиясы «Атырау» -лексикасы көбіне үлкен айдынды көлдің не теңіздің сала-салаға бөлініп, тармақтанып, шығанақтар мен арал, саға, мүйістер пайда болатын жағалауы. Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауын, теңіздің алабын қоса, жергілікті тұрғындар күні бүгінге дейін атырау деп атайды.
Тарихы Қараңыз: Ресей империясы кезіндегі Гурьев қаласы
ХVІ ғасырдың бірінші ширегінен бастап , Жайық-Каспий жағалауына Ресей патшасы өкіметінің саясатына шыдамаған және патша үкіметін мойындағысы келмеген қашқын орыс еріктілері, күнкөріс іздеген крепостной шаруалар, қылмыстық элементтерден тұратын Волга бойы казактары келіп қоныс тебе бастаған. Олар келе сала өз кәсіпшіліктерін ашып,балық аулау, балық тұздау қостарын ұйымдастырып, жатар тұрақ орындарын тұрғызады. Сол уақыттан бастап тұрғызылған тұрақтар «Үйшік» атанып кеткен.
Жайық-Каспий жолы Азия елдерімен басқа да елдерге жол ашатын «әрі қақпа,әрі кілт» болатынына көзі жеткен патша өкіметі,ХVІІ ғасырдың 30-шы жылдарының аяғында Ярославлдық көпес, бай саудагер Гурьевтер әулетіне Жайық бойында балық кәсіпшілігін ашуға және бекініс тұрғызуға рұқсат қағазын береді. 1640 жылы Гурьевтер әулетінің басшысы Гурий Назарьев, балалары Михаил, Иван және Андреймен Жайық бойына келіп қоныстанып, өнеркәсіптерін ашып, Жайық және Ембі өзені балықтарын өндірістік және сауда мақсатында пайдалана бастайды.
Бой көтерген қала мен балықшылық өндіріс табыстары осы өңірді мекендеуші байырғы қалмақтар мен орыс казактарының қызғаныштарын туғыза бастайды. Ақыры қашанда көршілерімен жауласып-қырқысып отыратын қала, қалмақтардың тонауына ұшырайды.
Жайық бойындағы бұл оқиға Астрахан әскерлері басшылығын елең еткізді. Ағаштан тұрғызылған қорған қамал жаудан және өрттен қорғануға қорғаныс бола алмайтынына көздері жеткен патша үкіметі,теңіз маңы және Жайық бойының қорғанысын күшейту мақсатында, 1645 жылдың 18 ақпанында М.Гурьевке қаланы қамал етіп тұрғызуға рұқсат береді. Рұқсат қағазында қала қамалын Астрахан қаласының үлгісіндей етіп тұрғызу көрсетіледі.
Тас қала-қорғанның құрылысы 1647 жылдың 6 маусымда басталып кетеді. Тұрғызылып жатқан қала 1649 жылы казактар атаманы И.Кондырев бастаған казактар тобының шабуылымен тоналады. Жайық бойындағы тас қала-қамалдың құрылысы 15 жылдан соң 1662 жылы аяқталып, Гурьевтердің үлкен қаржылық шығынына шығады. ХVІІ ғасырдың аяғына таман және ХVІІІ ғасырдың басынан бастап, тас қала-қамалы ірі шекаралық қамалға айналады.
1798 жылдың 11 желтоқсанындағы Патша жарлығымен Гурьев қаласы Орал әскери басшылығының қарауына беріледі. 1865 жылы уездік қала болды. 1917 жылға дейін және одан кейінгі 15 жыл бойы Орал әскери облысының орталығы 1925 жылдан Бөкей губерниясындағы Гурьев уезінің орталығы 1929 жылы Гурьев округінің орталығы 1930 жылы аудан орталығы 1938 жылғы қаңтар айының 15-інен облыс орталығы. 1992 жылы ақпан айының 21-і күні ҚР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы Гурьев қаласын Атырау қаласы деп атау жөнінде қаулы қабылдады.
Климаты Климаты қатты континенталды, жазда құрғақ ,ыстық, ал қыста ылғал қармен сипатталатын салқындық. Жазы жауын-шашынсыз, құрғақ, ыстық ұзаққа созылады. Қыс мезгілінде қар аз жауып, суық болады.
Атырау қаласы ендігі 47, -07 С., ұзақтығы 51-53 болатын жазы ұзақ, қысы қысқа күндермен сипатталады.
Қаңтар айындағы орташа температура -60С-ден бастап -120С-ге дейін, ал шілде айындағы орташа температура +240С-ден бастап +260С-ге дейін. Ең төменгі температура -380С, ең жоғары температура +450С. Каспий теңізіне құйып, облыс орталығынан өтіп жатқан Жайық өзенінің арқасында ол жердегі температура судан алыс жердегі аудандардың температурасымен салыстырғанда төмен болып келеді. Жауын-шашын болар-болмас деңгейде, жылына орташа 150 мм, 200 мм шамасында болады. Жел бағыты қаңтар айында оңтүстік-шығыс бағытта болса, ал маусым айында батыс бағытта болады.
Әкімшілік бөлінуі Атырау қалалық әкiмшiлiгінің құрамында 1 қала, 6 ауылдық округ (Алмалы, Атырау, Дамбы, Еркiнқала, Кеңөзек, Қайыршақты), 15 елдi мекен бар. Қалаға 2013 жылы Балықшы кенті, 2018 жылы Балықшы, Жұмыскер ауылдық округтеріндегі Ақжайық, Құрсай, Көкарна, Водниково және Жұмыскер, Рембаза елді мекендері, 2019 жылы Геолог ауылдық округіндегі Геолог, Бірлік, Новокирпичное, Теңдік, Қарабатан, 496 разъезд елді мекендері қосылды. Қалалық әкімдік аумағына Махамбет ауданынан Алмалы ауылдық округіндегі Алмалы, Береке елді мекендері берілді.
Әкімдері Нұрпейіс Мақашев 1992-1993 Бекболат Нарегеев 1993-1995 Жалғас Тікенбаев 1995-1998 Арыстанғали Әшімғалиев 1998-1999 Дүйсенбай Тұрғанов 1999-2002 Манас Тасыбаев 2002-2006 Бергей Рысқалиев 2006 Сәлімжан Нақпаев 2006-2009 Мереке Есмұратов 2009-2012 Асқар Керімов 2012 Серік Айдарбеков 2012-2014 Нұрлыбек Ожаев 2014-2016 Серік Шәпкенов 2016-2018 Әлимұхаммед Құттымұратұлы 2018-2020 Қайрат Оразбаев 2020-2022 Мейірім Қалауи 2022-2023 Шәкір Кейкін 2023-
Халқы Тұрғыны 1897 жылы 9,3 мың, 1959 жылы 78,1 мың, 1970 жылы 114,2 мың, 1979 жылы 130,9 мың, 2012 жылы 182,8 мың адам болды.2014 ж. қала әкімшілігі тұрғындарының саны 280,6 мың адам құрады, оның ішінде: Атырау қаласы — 195,6 мың адам; Балықшы кенті — 17,1 мың адам; Жұмыскер кенті — 10,4 мың адам; Ауылдық тұрғындар -57,5 мың адам;
1959 1970 1979 1989 1999 2009 2010 2011 2012 20132014 2015 2016 78 143 114 277 130 916 149 261 142 497 165 387 171 900 176 937 182 866 189 211 195 674 217,866 226,042 Атырау қаласында 84 ұлт өкілдері тұрады. Облыстың 2014 жыл басындағы деректер бойынша жекеленген этностар құрамы төмендегідей:2014 жыл басына Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны. Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі.
Барлық ұлттар қазақтар орыстар корейлер татарлар өзбектер украиндар немістер басқалары 280 600 239 905 29 616 2 945 1 952 1 055 735 407 3 985 2019 жылғы статистикалық деректер бойынша Атырау қаласында туғандар саны 9 760, ал өлгендер саны 1 920 адамды құрады. Табиғи өсім 7 840 адам. Келген адамдар саны 16 130, кеткен адамдар саны 13 311 болды. Туылым коэффициенті (1000 адамға) 27,9, өлім-жітім коэффициенті (1000 адамға) 5,49 болды.
Экологиясы Атырау қаласы кәсіпорындардың ортасында қалуда. Ауаны ластаушылардың 80-85 пайызын мұнай тасымалымен және мұнай өңдеумен айналысатын кәсіпорындар құрайды. Атырау қаласындағы өндіріс орындарының ауаға лас қалдықтарды тарату көрсеткіштері артып, ол жылына бір мың тоннадан асып тұр. Ірі кәсіпорындар әлі күнге тазарту құрылғыларымен жабдықталмаған. Сөйтіп зиянды шығарындылар еш сүзгіден өтпестен қала аумағына таралып жатыр.Ұлттық статистика бюросы, халықаралық экономика.
«ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасы көмірсутегі қоспаларын 68,7 пайыз көлемінде, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС – 22,79, «Атырау жылу электр орталығы» көміртегі тотығын 46,08 пайыз, «Каспий құбыр консорциумы-Қ» АҚ – 19,57, «Атырау жылу электр орталығы» ЖШС азот диоксидін – 73,2, Атырау мұнай өңдеу зауыты күкірт диоксидін 52,54 пайыз мөлшерінде ауаға шығаруда.Атырау облысы әкімдігінің ресми сайты.
Атырау қаласында атмосфералық ауаның сапасын анықтайтын сегіз стансадан автоматты түрде тәулік бойына ауа құрамын анықтайтын сынама алынады. Соның ішінде «ВестОйл» ЖШС-нің базасы аумағында орналасқан стансадан күкіртті сутегінің шектеулі мөлшері концентрациясынан асып кететіні анықталып отыр.Атырау газеті, 03.06.2015
Қаланы улап жатқан негізгі 3 ошақ бар. Біріншіcі – мұнай компаниялары. Екіншісі – қаладан шыққан тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған полигон. Үшіншісі – қаланың екі жақ шетінде орналасқан қалдық суларды төгетін булану алаңы.«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті, 08.08.2020
Кәсіпорындары + Кестеде 1000-нан астам қызметкері бар Атырау қаласының ірі кәсіпорындары көрсетілгенKazDATA: все крупные компании Атырау и Казахстана Кәсіпорындар Қызмет түрі «АРИАДНА» ЖШСИнженерлік құрылыстарын салу «СИЧИМ С.П.А., КАЗАХСТАН» бөлімі Мұнай және газ магистральдық құбырларын салу «АТЫРАУ ЖЫЛУ-ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫ» АҚ Жылу электр станцияларының электр қуатын өндіруі «ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ» ЖШС Шикі мұнай мен ілеспе газды өндіру «БОЛАШАҚ-АТЫРАУ» ЖШС Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет «ФИРКРОФТ ИНЖИНИРИНГ СЕРВИСИЗ ЛИМИТЕД КАЗАХСТАН ЖШС» Жұмыспен қамту агенттігінің қызметі «НОРТ КАСПИАН ОПЕРЕЙТИНГ КОМПАНИ Н.В.» бөлімі Шикі мұнай мен ілеспе газды өндіру «ПСН КАЗСТРОЙ» АҚ Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет «CAPITAL COMPLEX CATERING» ЖШС Мейрамханалар мен тамақ беру қызметі«ЮЛМАР-СЕРВИС» ЖШС Изоляциялау жұмыстары «КОНСОРЦИУМ «ISKER» ЖШС Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де инженерлік құрылыстар салу «ДЕНХОЛМ-ЖОЛДАС» Арнайы мамандықтарды талап ететін өзге де құрылыс жұмыстары «ҚАЗМҰНАЙГАЗ - БҰРҒЫЛАУ" СЕРВИСТІК БҰРҒЫЛАУ КӘСІПОРНЫ» ЖШС Мұнай және табиғи газ өндірісін техникалық қолдау «ЕМБІМҰНАЙГАЗ» АҚ Шикі мұнай мен ілеспе газды өндіру «АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ» ЖШС Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру + Атырау кәсіпорындары Теңізшевроил кеңсесі Атырау «НКОК» кеңсесі Атырау мұнай өңдеу зауыты ортаға|300px ортаға|300px
Көлік және инфрақұрылым Қазіргі таңда Атырау қаласында көліктің барлық түрлері де дамыған.thumb|right|300px|Атыраудағы экологиялық таза автобустар Қоғамдық көлік. Атырау қаласының маршрут желісі күні бүгінге 51 маршрут жұмыс атқаруда. 2013-2015 жылдары аралығында қалаішілік маршрутында қызмет көрсететін «АйсТрансХолдинг» ЖШС-і өз қаражаты есебінен 51 дана автобус сатып алды. Қоғамдық көліктер GPS – мониторинг жүйесін қолданады, ол онлайн режимінде қалалық қоғамдық көліктердің маршруттары, аялдамалар және көліктің ағымдағы жағдайы туралы ақпараттарды ұсынады.
«Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қатысуымен «Atyrau-Avtopark» автобус паркі құрылып, оған Семей қаласынан 65 жаңа автобус сатып алынды. 2020 жылы «Ақ Жайық Автопарк» ЖШС-і экологиялық тұрғыдан қоршаған ортаға лас шығарынды шығармайтын 160 жаңа автобус алды. 2021 жылдан бастап автобустар санын 140-тан 250-ге дейін көбейтуді жоспарлап отыр. Бұл саптағы 220 автобус мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қажеттіліктері үшін толық бейімделген.
Қалада троллейбус жүйесі 1996 жылдың 09 қыркүйегінде ашылып, 1999 жылдың 29 сәуірінде оның қозғалысы тоқтатылды. Бір ғана маршрутта 5 троллейбус қызмет көрсетті.
Темір жол көлігі. Атырау арқылы өтетін темір жол вокзалынан 13 бағыт бойынша 24 поезд кесте бойынша жолаушылар тасымалын қамтиды. Темір жол Атырауды Қазақстанның Алматы, Ақтөбе, Астана сияқты ірі қалаларымен, сондай — ақ Ресейдің (Мәскеу, Саратов, Волгоград, Астрахан), Тәжікстанның (Куляб, Худжанд, Душанбе) қалаларымен және Өзбекстан астанасы-Ташкентпен байланыстырады.
Әуе көлігі. Атырау әуежайынан келесі бағыттар бойынша рейстер ұшырылады:
Қабылдайтын әуе көлігі түрлері: Ан-12, Ан-24, Ан-26, Ан-28, Ан-30, Ан-32, Ан-72, Ан-74, Ан-124, Ил-62, Ил-76, Л-410, Ту-134, Ту-154, Як-40, Як-42, Airbus A319, Airbus A320, Airbus A321, ATR 42, ATR 72, Boeing 707, Boeing 737, Boeing 747, Boeing 757, Boeing 767, және тағы да басқа 3-4 кластағы ӘК түрлері, барлық типтегі тікұшақтар.
Атырау қаласының көпірлері